Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда орманшыларға жаңа тракторлар табысталды

Қазалыда орманшыларға жаңа тракторлар табысталды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы және Арал ауданындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелеріне тракторлар келді.

Жаңа техникалардың кілттерін орманшыларға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен облыстық табиғат пайдануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов табыстады.

Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы кілт тапсыру рәсімінен соң құттықтау сөз сөйлеп, қазалылық орманшылардың Президент тапсырмасын орындаудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында еліміздегі экология мәселесі басты назарда болу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты алдағы 5 жыл ішінде орман қорында 2 млрд. және елді мекендерде 15 млн. ағаш көшеттерін отырғызуды тапсырды. Нәтижесінде біздің облыстағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағыттылған іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауқымды жұмыстар қолға алынды. Бүгін міне сол жұмыстардың нақты жүзеге асқанына куә болып отырмыз. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қазалы орман дүниелерін қорғау мекемесіне 3 дана трактор берілуде», – деді аудан басшысы.

Мұнан соң басқарма басшысы Бауыржан Шәменов теңіз ұлтанына егілетін сексеуіл көшеттері туралы жоспарларымен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Айта кетейік, Ардақ Кәдір басшылық жасайтын Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне бұған дейін жаңа өрт сөндіру машинасы берілген.
13 қазан 2021 ж. 106 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области