Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 14-16 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. 16 қазанда ғана Солтүстік-батыс циклон Батыс Қазақстан облысындағы ауа райына әсер етіп, күндіз жауын жауады. Батыс пен оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болады.

Ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста 15-23 градус жылы. Солтүстік, шығыс пен орталықта плюс 7-15 градус шамасында, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 12-21 градус жылы.

Елордада 14 қазанда түнде +3, күндіз +12 градус болады. Күн ашық. Жұмада да дәл осындай ауа райы сақталады. 16 қазанда күн алабұлтты, түнде 0, күндіз +8 градус.

Алматы қаласында бейсенбіде түнде +4, күндіз +13 градус жылы. Жұма мен сенбіде де +15 градус шамасында, күн ашық.

Шымкентте 14, 15, 16 қазанда күн ашық, сынап бағанасы +21 градусқа дейін көтеріледі.
13 қазан 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области