Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өңірлерде жылу бағасы қымбаттаған

Өңірлерде жылу бағасы қымбаттаған

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тоғыз айдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған жылу тарифі 1,2%-ке төмендеді. Алайда өңірлер арасында 17 аймақтың 13-інде баға өскені байқалады.

Energyprom.kz мәліметінше, ең жоғары тариф Ақтөбе облысында – бір жылда 15,2%, Ақмола мен Қарағанды облыстарында – 5,9% тіркелді.
Үш өңірде тариф төмендеген. Әсіресе, жылу Түркістан облысында едәуір арзандады – бірден 40,5%-ке. Сондай-ақ Қостанай облысы (6,7%-ке) мен Алматы қаласында (3,2%-ке) да тарифтің түскені байқалады.
Шымкентте баға өзгеріссіз қалды.
Қыркүйекте республика бойынша орталықтандырылған жылудың орташа тарифі 1 Гкал үшін 3522 теңгені құрады. Ірі қалалар мен мегаполистерде тариф 1 Гкал үшін 1805 теңгеден (Көкшетау) 5383 теңгеге дейін (Атырау) құбылады.
Жылу бойынша ең «қымбат» қалалардың үштігіне Атыраудан бөлек, Шымкент пен Алматы кіреді: 1 Гкал үшін тиісінше 5104 теңге және 4831 теңге.
Ал ең төмен тариф солтүстік өңірлерде тіркелді: Көкшетаудан бөлек, Павлодар мен Нұр-Сұлтанда жылу арзан – 1 Гкал үшін тиісінше 2392 теңге және 2454 теңге.
14 қазан 2021 ж. 52 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области