Электр жарығының бағасы арзандайды
Елімізде электр энергия тарифтері төмендейді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қорытындысының негізінде, 2019 жылдың 1-ші наурызынан бастап электр энергия тарифтерінің төмендейтіндігі хабарланды.
1. Орташа босату тарифі – 16,87 тенге ҚҚС-мен;
2. Жеке тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 15,44 теңге ҚҚС-мен.
3. Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде электрплиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін сараланған тариф бекітілсін:
•1 – деңгей 70 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;
•2 – деңгей 70-тен 150 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;
•3 – деңгей 150 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;
3. Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде электрплиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін сараланған тариф бекітілсін:
•1 – деңгей 90 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;
•2 – деңгей 90-нан 170 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;
•3 – деңгей 170 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;
4. Тұтыну көлемі негізінде жеке тұратын ҰОС ардагерлері және осыларға теңестірілетін мүгедектер, жасы бойынша пенсионерлер үшін сараланған тариф бекітілсін:
•1 – деңгей 100 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;
•2 – деңгей 100-ден 150 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;
•3 – деңгей 150 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;
5. Тұтыну көлемі негізінде жеке тұратын ҰОС ардагерлері және осыларға теңестірілетін мүгедектер, жасы бойынша пенсионерлер үшін сараланған тариф бекітілсін:
•1 – деңгей 100 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;
•2 – деңгей 100-ден 170 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;
•3 – деңгей 170 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;
6. Заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 18,17 теңге ҚҚС-мен.
7. Бюджеттік ұйымдар үшін тариф – 24,12 теңге ҚҚС-мен.
8. Өзге тұтынушылар үшін тариф – 17,05 теңге ҚҚС-мен.