КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТАРИФТЕРІ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық Департаментінің хабарлауынша ағымдағы жылдың басынан бастап тұрғын үй- коммуналдық қызметтерінің тарифтері, сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерінің тарифтерін қоспағанда, 2016 жылдың тарифтері деңгейінде қалдырылды.
Осылайша,«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-мен өндірілетін электр энергиясының бағасы өсуіне байланысты «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру, тазарту қызметтерінің 1 текше метрге ҚҚС-сыз орташа босату тарифтері сәйкесінше 69,39 теңгені және 94,71 теңгені құрады немесе сәйкесінше 1 % және 1,1%-ға қолданыстағы уақытша өтемдік тарифтерге өзгертіліптөтенше реттеуші шаралар ретінде қайта қарастырылды. Сонымен бірге,тарифтік сметалардың орындалуын талдау қорытындысы бойынша субъектіге ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап реттелетін қызметтеріне сәйкесінше1,5%-ға және 6,9%-ға орташа босату тарифтерін төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер еңгізілді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 10 айында Департамент атына 23 қызмет түрлері бойынша тарифтерді бекіту бойынша 19 өтінім түсіп, олардың:7-і өтінім бойынша ұсынылған құжаттары белгіленген талаптарға сәйкес еместігіне байланысты қараудан бас тартылды, 3 өтінім – субъектілермен қайтарып алынды, 9 субъектіге бекітілді. Тарифтері бекітілген субъектілердің 1-і кірме жолдар бойынша қызметін, 1-і электр энергиясын беру қызметін, 7-і сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерінкөрсетеді.Тарифтерді бекіту және қайта қарау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде экономикалық тиімділік сомасы немесе тұтынушылардың үнемделген қаражаты2968 млн.теңгені құрады.
Бұл ретте, реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерінің өзгеруі ҚР Үкіметімен ұсынылған жоспарланған инфляция дәлізі шенберін ескере отырып және Қызылорда облысы әкімдігінің келісімімен жүзеге асырылатыныңатап кету керек.
Сонымен бірге, 2016 жыл қорытындысы бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасына жүргізілген сараптама нәтижесінде а.ж. 1 тамызынан бастап облыстағы электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың орташа босату бағалары 3,3 %–дан 8,2 %-ға ,атап айтқанда1 кВт.сағатқа ҚҚС-мен:
Қызылорда қаласында қызмет көрсететін «Энергосервис» ЕЖШС-не - 18,67 теңгеден 17,74 теңгеге немесе 5%-ға;
Қызылорда облысының Жанақорған, Шиелі, Сырдарья, Жалағаш0 Қармақшы аудандарында қызмет көрсететін «Шиелі Жарығы» ЖШС-не - 19,08 теңгеден 18,45 теңгеге немесе 3,3%-ға;
Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында қызмет көрсететін «Даулетэнерго» ЖШС-не - 20,14 теңгеден 18,48 теңгеге дейін немесе 8,2%-ғаДепартаментпентөмендетілді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, Департаменттің нұсқамаларына сәйкесжылумен жабдықтаушы мекемелер 2016-2017жылдардағы жылу кезені бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, тұтынушыларға ҚҚС-мен 19 млн теңгені қайтарды.
Сондай-ақ, тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламаларының орындалу есептерін қарау қорытындысы бойынша 16 субъектіге 25 уақытша өтемдік тарифтер енгізіліп1,8%-дан 45,9%-ға дейін қолданыстағы тарифтерін төмендетіліп, қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегенде тұтынушыларға қайтару сомасы600,0 млн теңгені құрды.
Мысалы, халық а.ж. мамыр айынан бастап сумен жабдықтау және суды бұру қызметтері үшін 1 м3 –ға ҚҚС-мен 125,38 теңгені төлесе, 1 тамыздан бастап -120,06 теңгені төлейді немесе 4,2%-ға төмен. Ал, Жалағаш ауданының тұрғындары, «Темиржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС-і жылумен жабдықтау қызметін атқарып отрырған мекемеге, жылу үшін төлем ақы 1 текше метрге ҚҚС-мен 76,48 теңгеден 75,64 теңгеге дейін немесе 1,1%-ға төмендеді.