Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеуде

Қызылордада коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеуде

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда облысында 12 қызмет түрі бойынша 7 субъектінің тарифтері төмендетілді. Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қызылордажылуэлектроорталығы» МКК-ның жылу бағасы 1,2% төмендетіліп, уақытша өтемдік тариф енгізілді. «Энергосервис» ЕЖШС-нің электрмен жабдықтау қызметінің орташа бағасы 3,6 % төмендетілді.
Сонымен бірге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қызылорда су жүйесі» және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның қызметтерінің тарифтері төмендейді.
Мәселен, «Қызылорда су жүйесі» МКК бойынша тұрғындар үшін ҚҚС-мен текше метрге: Сумен жабдықтау қызметіне – 22,6 % (61,20 теңгеден 47,31 теңгеге); сарқынды суды бұру қызметіне – 11,4 % (60,56 теңгеден 53,66 теңгеге). Ал, «Қызылорда су жүйесі МКК-ның және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның тарифтерінің төмендеуінің негізгі себебі инвестициялық бағдарламаға төмендету жағына қарай енгізілген түзету болып табылады», - деді Гүлмира Сейітбекқызы.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың электрмен қызметінің түпкілікті тарифі 0,2 %-дан 0,8 %-ға дейін 1кВт/сағатқа төмендейтін болады.
Тарифтерді төмендету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушылардың үнемдейтін қаржысы шамамен 5,5 млрд теңгені құрады.
29 желтоқсан 2018 ж. 667 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области