Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛҒАН

ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛҒАН


    Еліміздің Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК іс-әрекеттерінен Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолдады.
    Департамент мамандары Қызылорда облысы прокуратурасының 2018 жылғы 26 қаңтардағы хатымен ұсынылған мәліметтерді қарау барысында «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК  іс-әрекеттерінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану арқылы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын бұзушылық белігілері анықталды. Атап айтқанда кәсіпорын тұтынылған су көлемі бойынша тұтынушыларға «Бірыңғай төлем құжаты» арқылы дәйексіз және жалған төлем есепшоттар ұсынған.
    Осы ретте, аталған департаментпен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпорынға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін жою туралы хабарлама жолданды.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
    министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,
     бәсекелестікті және тұтынушылардың
     құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда
    облысы бойынша департаменті

22 ақпан 2018 ж. 764 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области