Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЙТА ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛІП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

ҚАЙТА ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛІП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Сумен жабдықтау қызметінің тарифтерін қоспағанда 2018 жылдың басынан бастап реттелетін коммуналдық қызметтердің бағасы 2016 жылдағы тарифтердің деңгейінде қалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова мәлімдеді.
Департамент өз қызметін 3 бағытта яғни, табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды, тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және ақпараттандыруды жүзеге асырады.
"Электр энергиясын беру қызметі бойынша «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 1 кВт.сағатқа 4,896 теңгеден 4,945 теңгеге өзгертілді. Ал, суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтері бойынша «Қызылорда су жүйесі» МКК-на сәйкесінше қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 1,1 пайызға және 1,7 пайызға көбейді. Тарифтердің өзгеруінің негізгі себебі «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-мен өндірілетін электр энергиясының бағасының 9,4 теңгеден 11,13 теңгеге өсуі. Айта кету керек, өтінімдер қаралып, ұсынылған тарифтер деңгейі төмендетілді. Нәтижесінде, 587,8 млн. теңгедей үнемделді. Яғни осындай қаржы тұтынушылардың қалтасында қалды", - деді департамент басшысының міндетін атқарушы Г.Өтегенова.
Сонымен қатар, департаментпен табиғи монополия субъектілерінің қызметіне тұрақты бақылау жүргізіліп келеді. Егерде субъект тарифтік сметаны орындамаған жағдайда, орындамаған қаражаты тұтынушыларға қайтарылады. 2017 жылы тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 5 табиғи монополия субъектілеріне 6 уақытша өтемдік тарифтер енгізу арқылы тұтынушыларға 305,4 млн.теңге қайтарылады.
Сондай-ақ, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша жылумен жабдықтаушы мекемелерге 2017-2018 жылдардағы жылу беру кезеңіне қайта есептеу жүргізіліп, тұрғындарға шамамен 53,0 млн. теңгедей қаржы қайтарылады.
28 маусым 2018 ж. 714 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области