Балжан Шаменова интернаттағы балалардың жағдайымен танысты
Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменова қаламыздағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернаты мен №2 облыстық балалар оңалту орталығына барып, балалардың жағдайымен танысты.
Ең алдымен Балжан Мөрәліқызы басқарма басшысы Ақзира Қасымовамен бірге жуырда ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген №5 арнайы түзету мектеп-интернатына барды. Ғимараттағы атқарылған құрылыс жұмыстарымен танысқан өңір басшысының орынбасары жүргізілген күрделі жөндеуге оң бағасын берді.
Балжан Мөрәліқызы мұнан соң Тасбөгет кентінде орналсқан №2 облыстық балалар оңалту орталығында болды. Балалардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік базасын қарап, асхана және медбөлімшенің жағдайын көрді.
Облыс әкімінің орынбасары Б.Шаменова алдағы уақытта “Nur Oran” партиясының жол картасы аясында интернаттардың күрделі жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуді тапсрыды.