Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы «сары» аймаққа өтті

Қызылорда облысы «сары» аймаққа өтті

Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Қызылорда облысы «сары» аймаққа өтті. Өткен тәулікте коронавирус індетін 28 адам жұқтырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменова мәлімдеді.

«Коронавирус ауруын азайтуға мүмкіндік беретін ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың кем дегенде 60 пайызы вакцинациялаудан өтуі қажет. Сол үшін коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар: медицина саласы мамандары мен полиция қызметкерлері және мұғалімдер салдырды. Бұл денсаулық сақтау және әлеуметтік маңызды салалардағы жағдайды барынша тез тұрақтандырып, пандемиядан қалыпқа келу процесін жеңілдетуге мүмкіндік берді»,-деді Балжан Шаменова.

Жыл басынан бері 167 мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен 10003 нысан қамтылды. Нәтижесінде 335 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарындағы бұзушылық саны–158, үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар саны-125, ұйымдасқан ұжымдарда-52 карантин талаптарын бұзушылық анықталды.

«Бүгінгі таңда өңірлерде індетке қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылған. Бұдан басқа, шалғайдағы аудан-ауылдарда , ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде жылжымалы егу пункттері бар. Бүгінде 37 жылжымалы пункттің жұмысы ұйымдастырылды»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Жангелді Шаймбетов.
«Қазіргі уақытта өз өмірімізді сақтаудың жалғыз жолы – вакцинация. Аймақта вакцинаның бірінші компонентін 143 949 адам алса, оның екінші компонентнен 77 109 адам өтті. Ағымдағы жылдың маусым айының 28 жұлдызында Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 7 082 жағдайы тіркелді. Оның 51,5 пайызы клиникалық белгілермен, 48,5 пайызы симптомсыз түрі»,-деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.
28 маусым 2021 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области