Қызылорда: «Харекет» қоғамдық қоры арқылы 8 үй табысталды
Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданыңдағы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 502 іс шара өткізілген. Оның ішінде қайырымдылық бағытында 186 шара ұйымдастырылды. Басым бөлігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қөмек көрсету аясында өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ директоры Асылхан Дәрібаев қайырымдылық шаралары туралы баяндады.
«Бүгінге дейін ауданның ерікті жастарының ұйымдастыруымен барлығы 18 отбасыға қайырымдылық аясында қоныс кілттерін табыс етті. «Харекет» қоғамдық қоры арқылы 8 үй табысталды. Сонымен қатар «Жылу сыйла жандарға жыңғылмен» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 89 отбасыға қыстық отын жеткізіліп берілді. Көгілдір отын яғни газ жүйесіне қосылмаған 78 отбасының үйіне мұржа тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар әлі де жүзеге асырылуда. Ал мүкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерікті жастарымыз қолдан келгенше көмек көрсетуде», – деді Асылхан Жұмабекұлы.
Бүгінге дейін Харекет қайырымдылық қоры «1000 теңгеге баспана» аясында көмекке мұқтаж отбасылардың үйлі болуына үлкен үлес қосып келеді. Мәселен, 2017 жылдан бері облыс бойынша 500 баспананың кілті өз иелеріне табысталған. Қазалы ауданы бойынша Харекет ҚҚ еріктілердің жетекшісі Айдос Таңбышов қайырымдылық бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.
«Қайырымдылық − ең ізгі қасиеттерінің бірі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы деп білемін. Жақында Қазалы ауданына қарасты Өркендеу ауылының тұрғынына Харекет қорының атынан 503 үйдің кілті берілді. Қазіргі таңда үйдің құжаттары рәсімделуде. Біз көмекке мұқтаж әр адамға жәрдемдесуге тырысамыз. Харекет қорының еріктілері аудандар мен елд-мекендердегі мұқтаж жанұяларды баспана, азық-түлік және керекті дүниелермен қамтамасыз етуде. Сыр елінің барша тұрғындарын және жастарды қайырымдылық жасауға шақырамыз»,- деді Айдос Таңбышов.