16 қазанға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін тигізеді. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Дегенмен еліміздің батыс және солтүстік-батысында циклонға байланысты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел күшейеді, екпіні 22-27, кей кезде 30 м/с асады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батыс және солтүстігінде тұман болады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.