Төретамда шала туған сәбидің денесі табылды (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Төретам кентінде сәбидің денесі табылды.
«2021 жылдың қазан айының 18-күні Қармақшы ауданы, Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі № 27 көп қабатты үйдің ауласында орналасқан күл-қоқыс жинайтын контейнерлер тұрған жерден Төретам әкімдігінің дала сыпырушы – жұмысшысымен қоқыс жинау барысында шала туылған бала түсік денесі анықталған. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (жаңа туған баланы анасының өлтiруi) ҚР ІІМ-нің Байқоғыр қаласындағы Өкілдігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірінғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – делінген Қызылорда облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.