Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жылқы ұрлаған әйелдер қылмыс үстінде ұсталды

Қызылордада жылқы ұрлаған әйелдер қылмыс үстінде ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер Қазалы ауданы маңындағы мал жайылымынан жылқы ұрлап, сол жерде сойып жатқан жерінен Төретам кентінің 4 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еркін жайылымда жүрген малды ұрлаған күдіктілер бұған дейін де мал ұрлығымен айналысып келген. Тергеу барысында олардың 6 мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.
«Оқиға орнында ұсталғандардың 2-уі әйел адам. Күдіктілер өз әрекеттерін толығымен мойындады. Оқиға орнында айғақ заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ірі мөлшерде ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
22 қараша 2019 ж. 508 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области