Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда 12 рет мал ұрлаған барымташылар ұсталды

Жаңақорғанда 12 рет мал ұрлаған барымташылар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. 24 тамызда Жаңақорған аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Сырдария жағасында жайылып жүрген 250000 теңге тұратын сиырын белгісіз тұлғалар ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткендігі туралы шағым түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 және 43 жастағы жұмыссыз жүрген Жаңақорған ауданының екі тұрғынын анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында олар ұрланған сиырды сойып, етін базарлардың біріне сату үшін тапсырғаны анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің басқа да 12 мал ұрлығының дерегіне қатысы бар екені анықталды.
Осы фактілердің барлығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
29 тамыз 2019 ж. 394 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области