Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілері қарақшылық шабуыл жасады

Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілері қарақшылық шабуыл жасады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада балалар үйінің тәрбиленушілері қаладағы сауналардың біріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Балалар саунаға баса-көктеп кіріп, кассирден 90 мың теңгеден астам ақшаны тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
«Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде бір күдікті ұсталды. Ол 16 жастағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Тағы үш күдікті оқиға орнынан қашып кетті, оның екеуі балалар үйінің тәрбиеленушілері болып шықты. Тәулік ішінде олар да тұтқындалды», делінген хабарламада.
Орын алған қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
29 тамыз 2019 ж. 390 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области