«Кальмар ойыны» оқушы психикасына қауіп төндіре ме?
Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова әлемді шулатып, көптеген ата-аналарды алаңдатқан оңтүстік кореялық «Кальмар ойыны» сериалы туралы пікір білдірді.
«Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен, ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтер бақылауы керек», – деп жауап берді вице-министрі.
Оның айтуынша, биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр.
Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды.
Шолпан Каринова мектептер өздерінің тәрбиелік функциялары аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуы керектігін айтты.
«Кальмар ойыны» – бұл өмір үшін күресіп, басты сыйлық үшін бәсекеге түсетіндер туралы драмалық сериал. Ол Оңтүстік Корея кинематографына тән қатыгездік пен аяусыз көріністерге толы.
Сеиал Netflix платформасында 17 қыркүйектен бастап көрсетіле бастады да, бір айдың ішінде әлемнің 90 елінде адамдар ең көп көрген фильмдер қатарына енді.