Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бахыт Исмаханбетов: «Науқастарды қолдау қызметі» барлық медициналық ұйымда жұмыс істейді

Бахыт Исмаханбетов: «Науқастарды қолдау қызметі» барлық медициналық ұйымда жұмыс істейді

Kyzylorda-news.kz. Медициналық ұйымдарда қызмет алу кезінде қиындықтарға тап болған кезде, науқастар өз құқықтарын қорғау үшін қайда бару керектігін біле бермейтін жайттар әлі де көптеп кездеседі. Ол үшін Әлеуметтік медицицналық сақтандыру қоры облыс тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брфингте қордың облыстық филиал Бахыт Исмаханбетов мәлімдеді.

«Көрсетілетін медициналық қызметті бақылау және шешу үшін «Науқастарды қолдау қызметі» бар. Бұл қызмет барлық медициналық ұйымдарда жұмыс істейді. Мақсат – медициналық көмектің ішкі бақылауын жүргізу, медициналық қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтарды анықтау, өтініштер мен шағымдарды дер кезінде қарау. Бұған қоса тұрғындар облыстық денсаулық сақтау басқармасының 40 00 01 байланыс орталығына хабарласуына болады. Сондай-ақ арнайы «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы да өтініш жолдай алады. Азамат «Qoldau 24/7» қосымшасына байланысқаннан кейін әлеуметтік сақтандыру Қорының мамандары медициналық ұйымға хабарласып, ақпаратты анықтайды және медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді», – деді Әлеуметтік медицицналық сақтандыру қорының облыс бойынша филал директоры Бахыт Торғайбайұлы.

Айта кетейік, бүгінде тұрғындар өтінішін қанағаттандыру мақсатында Telegram-нан «SaqtandyryBot» бағдарламасы да жұмыс жасайды.
21 қазан 2021 ж. 85 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области