Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас санитар: Ата-аналар арасында Pfizer вакцинасы жайлы түсіндіру жұмысын күшейту қажет

Бас санитар: Ата-аналар арасында Pfizer вакцинасы жайлы түсіндіру жұмысын күшейту қажет

Kyzylorda-news.kz. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов АҚШ-тың Pfizer екпесімен вакцинациялауға қатысты әдістемелік ұсынымдарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін).

«Вакцина салдыру алдында коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. Вируспен ауырып жазылған адамдарға сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға болады. Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық денсаулық сақтау басқармалары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және облыстық департаменттері бірлесіп КВИ-ге қарсы вакцинациялауға дайындық жүргізу қажет. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде жұмыс топтарын құрып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет», – делінген мәліметте.

Екпе алатындарға жататын адам санына сәйкес егу бригадаларының қажетті саны, вакцина, шығын материалдары, тоңазытқыш жабдықтар, автокөлік саны есептеледі.

Өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармасы аумақтық департаментпен және білім басқармасымен бірлесіп жауапты мамандар қатарынан әрбір аудан, қала бойынша КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіретін кураторды тағайындауы қажет.

«Бұл ретте халықпен жұмыстың ұйымдастырылуына, оның ішінде азаматтарды, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын ақпараттандыруға назар аудару қажет. Тағайындалған кураторлар: егілуге жататын халықтың коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайындығын бағалауды, әрбір егу бригадасының талапқа сай жасақталуын, вакцинаны тоңазытқыш жабдықтарында сақтау және тасымалдау қағидаларының сақталуын, екпелермен жұмыс, егу техникасы, егуге рұқсатты дұрыс анықтау, вакцина салынған соң иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністе рбойынша медицина қызметкерлерінің білімін бағалауды жүзеге асыруы тиіс», – делінген әдістемелік ұсынымда.
21 қазан 2021 ж. 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области