Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Балаларға арналған вакцинаға дайындық жұмыстары басталды

Қызылорда: Балаларға арналған вакцинаға дайындық жұмыстары басталды

Kyzylorda-news.kz. Аймақ халқының 75 пайызы толық екпе қабылдаған. Алайда індет әлі іргеде болғандықтан вакцинаның маңызы зор. Облыста екпе салдыру жұмыстары басталғалы бері вакцинацияның 1 компонентін – 339 506 адам салдырса, ІІ компонентпен – 273 970 адам қамтылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов облыстағы вакцинациялау жұмыстарын баяндады.

«Қазіргі таңда облыс тұрғындарының арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен өткен тәулікте 22 жағдай анықталды. Өңірде екпе қоры жеткілікті. Қараша айының ортасынан кейін «Pfizer» вакцинасын салдыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол екпе жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Алайда бұл вакцина оқушыларға ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен ғана салынады. Көпшіліктің «Pfizer» вакцинасы туралы сұрағы көп. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық насихаттық жұмыстар жүруде», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.
19 қазан 2021 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области