Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға «Pfizer» вакцинасы IV тоқсанда келеді деп жоспарлануда

Қызылордаға «Pfizer» вакцинасы IV тоқсанда келеді деп жоспарлануда

Kyzylorda-news.kz. Өткен тәулікте өңірімізде коронавирус инфекциясымен 13 жағдай анықталды. Инфекциялық стационарда 219 науқас, реанимациялық төсек-орында 24 науқас ем қабылдап жатыр. Вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинацияның 1 компонентімен 325 759 адам алса, екінші компонентімен – 267 202 адам қамтылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов хабарлады.
«Көпшіліктің «Pfizer» вакцинасы туралы сұрағы көп. Вакцина алдағы айларда келу жоспарлануда. Өзіндік сақтау ережелері бар. Бүгінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоңазытқыш алып бермек. Ол екпе 12 жастан жоғары және жүкті әйелдерге арналған. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық насихаттық жұмыстар жүруде», – деді Жангелді Шайымбетов.
12 қазан 2021 ж. 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области