Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы вакцина қабылдауда алдыңғы қатарда

Қызылорда облысы вакцина қабылдауда алдыңғы қатарда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының халқы вакцина салуда белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда 157 014 адам вакцинаның 2 компонентін алды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов хабарлады.

«Өңірімізге отандық «QazVac» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізіліп, қала, аудан емханаларына бөлінді. Тұрғындар егу жұмыстарын бастап та кетті», – дейді Жангелді Шаймбетов.

Жалпы, республика бойынша екпе алудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда келеді. Бүгінге дейін облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 223 487-ге жетіп, халықтың қамтылуы 55,8 пайызды құрады. Ал 2 компонентін алғандар 157 014 адам. Бұл халықтың 39,2 пайызына тең.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін екпе алғандар арасында 130 науқас қана короновирус ауруымен ауырған. Толық 2 компонентін алғандардың ішінде 22 жағдай ғана тіркелді. Дегенмен, адам денесінде толық иммунитет қалыптасуы үшін 14-45 күн өтуі қажет.

Айта кету керек, коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті мен 37 жылжымалы пункттің жұмысы ұйымдастырылған.
03 тамыз 2021 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области