Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көбеюі мүмкін

Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көбеюі мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейту керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Екінші мәселе – жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыру. Біз былтыр әр өңірдің ішкі саясат басқармасынан жеке бөлім аштық. Осы бөлімдерге қолдау көрсетіп, жұмысын жандандыра түсу керек. Оған өз құзіретіне кірмейтін тапсырма берілмеуі қажет. Әркім өзіне жүктелген міндетті атқаруға тиіс. Қоғамдық келісім мекемесінің де қызметіне қатысты осы талапты ұстануға тиіспіз. Аталған ұжымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көбейткен жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы этносаралық қатынас саласындағы өңірлік құрылымдарды мамандармен қамтамасыз етуге де баса назар аудару керектігін айтты.

«Бұл жұмыс ең алдмен ұлттық құрамы әртүрлі және белгілі бір этнос өкілдері тығыз қоныстанған аймақтарға қолға алу қажет», – деді ҚР Президенті.
21 қазан 2021 ж. 80 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области