Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КСРО құжатымен жүрген 26 қызылордалық жаңа төлқұжат алды

КСРО құжатымен жүрген 26 қызылордалық жаңа төлқұжат алды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтарды анықтау бойынша акция жүргізілуде. Нәтижесінде республика бойынша 6 мыңнан аса құжатсыз жүрген азаматтар анықталды. Олардың басым көпшілігіне өздеріне тиісті жеке басын куәландыратын құжаты табысталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің азаматтық, иммиграция және эмиграция басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев мәлімдеді.

«Шараның мақсаты − құжатсыз жүрген немесе КСРО кезіндегі құжат негізінде қалған азаматтарға жеке бас құжатын рәсімдеу болып табылады. Өздеріңізге мәлім, жеке басын куәландыратын құжаттың болмауы конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын шектейді. Сондай-ақ, қажетті жәрдемақы немесе басқа да әлеуметтік көмектерді алуды рәсімдей алмайды. Білім алу және денсаулық сақтау қызметтерін пайдалануда қиындықтар болады. Сол себепті, акция шеңберінде жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлғаларға тиісті көмектер көрсетілуде. Құжаты жоқ азаматтың көпшілігі Алматы, Шымкент, Түркістан, Жамбыл облыстарында тіркелді. Ішкі істер министрлігі жүргізіліп жатқан іс шараның маңыздылығына орай 2022 жылдың мамыр айына дейін жалғасатынын хабарлады», – деді Ғани Зиябекұлы.

Сондай-ақ баспасөз конференциясында Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары Денис Дживага құжатсыз жүрген азаматтардың әлі де көптігін айтып, бюроның атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

«Республикада мәртебесі анықталмаған және құжатсыз тұратын адамдарды анықтау жөніндегі акция жалғасуда. Өткен жылдың қыркүйек айында ішкі істер министрлігі Үкіметтік емес ұйымдармен оның ішінде Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюросы ауқымды сәйкестендіру компаниясын іске қосты. Азаматтығы жоқ адамдарды ешбір санатта жоқ деуге болады. Өкініштісі, елімізде еш құжатсыз күн көріп жүргендер әлі де бар. Тіпті ата-әжесі, ата-анасы, баласы, яғни үш толқынның еш жерде тіркелмегені анықталып жатыр», -деді Д.Дживага.

Одан әрі Қызылорда облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Қамитбеков облыстағы жағдайды баяндады.

«Облыста 26 адамның ескі үлгідегі құжатпен жүргені мәлім болды. Олар ҚР азаматтылығына тиісті екені анықталып жеке бас құжаттары берілді. Одан бөлек, осы жылы облыс бойынша 34 шетелдік тұрақты тұруға қалдырылған. Тұрақты тұруға келгендердің басым бөлігі – этникалық қазақтар мен тұрмысқа шыққан шетелдік әйелдер», – деді Сағындық Убайдуллаұлы.

Сондай-ақ брифингте «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының заңгері Элина Еникеева аталған мәселелер бойынша тұрғындарға ақысыз қызмет көрсететінің хабарлады.

«Біздің мекеменің заңгерлері облыстағы жеке бас құжаты бойынша мәселелері бар тұрғындарға ақысыз түрде тиісті шаралар жүргізеді. Орталыққа жеке бас құжаты көрсетілмеген немесе азаматтығы жоқ тұрғындар өз өтініштерін білдіруге болады», -деді Э.Еникеева.
21 қазан 2021 ж. 98 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области