TikTok, арандатушылар, көпбалалы аналар. Тоқаев ҚХА отырысында бірқатар мәлімдеме жасады
Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар мәлімдеме жасады.
Президент отбасылық жанжал ұлттық сипатқа ұласпауы керегін айтты.
«Статистика бойынша Түркістан облысында түрлі тұрмыстық жанжал аз емес. Шорнақ, Қарабұлақта болған оқиғалар туралы айттыңыз. Тұрмыстық деңгейде болса да, дәл осындай жағдайларға аса мән беру керек. Ең алдымен, мұндай оқиғалар ұлттық сипатқа ұласпауы қажет», – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, ол Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке өңірде «Достық үйін» ашуды тапсырды.
Сонымен қатар, Тоқаев қазақстандық мектеп түлектері қоғамға еніп, бәсекеге қабілетті болуы керегін мәлімдеді.
«Ол үшін мемлекеттік тілді де, ұлттық тілді де, орыс тілін де білу керек. Жалпы, біздің балаларымыз әртүрлі тілдерді қаншалықты көп білсе, соғұрлым олар үшін жақсы болады. Оларды тек бір тілмен шектеудің қажеті жоқ. Осылайша, әрекет ете отырып, біз олардың болашақ дамуы мен интеграциясын іс жүзінде шектейміз, ақыр соңында оларды жарқын болашаққа деген перспективадан айырамыз», – деді Тоқаев.
Президент Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін мұқият зерттеп, оны Қазақстанға көшіруі тиіс екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық облыс пен қала әкіміне «Аналар кеңесінің» жұмысына жан-жақты көмектесуді тапсырып, заңсыз ерелеуіл ұйымдастыратын көпбалалы аналар туралы айтты.
«Шын мәнінде ана дегеніміз отбасының ұйықтысы. Ананың орны ерекше. Мұны бәріміз білеміз. Сондықтан біз қоғамымызда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар, аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көпбалалы аналар заңсыз ереуілге шығып, айғай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып жатыр.
Масылдық – қоғамдық әрі саяси өзекті мәселе. Біз бейбіт жиын туралы жақсы заң шығардық, кім не айтса да, бұл демократия жолында өте маңызды қадам. Ешкім бейбіт жиынға кедергі болмайды. Бәрі жазылған, ресми рұқсат алудың да керегі жоқ. Тек ескерту арқылы жиын өткізу қажет. Кей тұрғынымыз заң бұзуға болады деп ойлайды. Мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін«, – деді Тоқаев.
Масылдық – қоғамдық әрі саяси өзекті мәселе. Біз бейбіт жиын туралы жақсы заң шығардық, кім не айтса да, бұл демократия жолында өте маңызды қадам. Ешкім бейбіт жиынға кедергі болмайды. Бәрі жазылған, ресми рұқсат алудың да керегі жоқ. Тек ескерту арқылы жиын өткізу қажет. Кей тұрғынымыз заң бұзуға болады деп ойлайды. Мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін«, – деді Тоқаев.