«ПРОБАЦИЯ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен Қармақшы аудандық пробация қызметінің ұйытқы болуымен 19 ақпан – 3 наурыз аралығында «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шара ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 3-тармағы 3-тармақшасына және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен Қызылорда облысы бойынша ІІД-нің 17.02.2018 жылғы №49 нқ/90 нқ бұйрығына сәйкес, пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Оған жергілікті полиция және пробация қызметінің 18 қызметкері, сондай-ақ, күнделікті полиция кешенді күштері тартылуда.
Аталған іс-шара кезінде, Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың мекен-жайымен жұмыс орны бойынша тексерулер бекітілген кестеге сәйкес, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп жүргізілуде.
Қармақшы аудандық пробация қызметі
бастығының міндетін атқарушы
әділет капитаны Ж. ЖҮНІСОВ