«Қызылорда Аруы – 2021» анықталды
Kyzylorda-news.kz. 17 жастағы Айсұлу Сағындықова 2021 жылғы Қызылорда аруы атанды.
Қыз «Болашақ» колледжінде оқиды, мамандығы – ағылшын тілі мұғалімі. Оқуды бітірген соң Азаматтық авиация университетіне түсуді жоспарлап отыр.
«Мен бүкіл әлемге саяхаттап, әртүрлі елдің мәдениетімен танысқым келеді. Олардың мәдениетін көрсететін ерекшеліктерін, халқын танығым келеді», – деп бөлісті ол.
Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
«Анама ризашылығым мол. Ол әрқашан көмектеседі, дос ретінде қолдайды. Ол мейірімді, ақылды және мықты. Мені әрқашан түсінеді. Қазір ол 42 жаста, әкем 44 жаста. Әкем өте сабырлы, көңілді, мейірімді, ақылды адам», – деп бөлісті Айсұлу.
Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Қазақстан Аруы – 2013» иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.
Tengrinews.kz