Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ертеңнен бастап аяз болады

Ертеңнен бастап аяз болады

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады.

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін», – делінген болжамда.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылы, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді.

Оңтүстікке келсек, ауа температурасы 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2…7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында болады.

Қазақстанның орталығында түнде -3…+5-тен -7…+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3…+5-дан -1…+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.

Елдің оңтүстігінде -1…+7-ден -3…+5 дейін сәл төмендей түседі, ал күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін болады.

Республиканың оңтүстік-шығысында -1…+7-ден -3…+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылынады.
25 қазан 2021 ж. 76 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области