Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мереке қарсаңындағы ауа-райы болжамы

Мереке қарсаңындағы ауа-райы болжамы

Kyzylorda-News.kz. Мереке қарсаңында, 30 сәуірде, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке қарсаңында, 30 сәуірде, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, солтүстік аймақтарда арты қарға ұласатын жаңбыр және бұршақ жауады, екпінді жел соғады, қысқа мерзімге жылығанымен күн қайта суытады:
батыста түнде -2+5°С, күндіз +7+15°С;
солтүстік-батыс жартысында түнде -5,+5°С, күндіз +15+20°С-тан +2+10°С дейін төмендейді;
қалған аймақтарда найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, бірақ жылы ауа райы +15+25°С сақталады.
Батыс өңірлерде 1 мамыр мерекесінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасы +10+20°С дейін жылиды.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің тұрғындары үшін ауа райы қолайсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.
Еліміздің шығысында екпінді жел соғып, нөсер жауады, түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -2-7°С, күндіз +3+11°С болады.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10°С шамасында, жер бетінде 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +12+20°С.
2 мамырдан бастап еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы, шығыс жартысында әлі де кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстікте найзағай және екпінді желмен жаңбыр сақталады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25°С, солтүстігінде, орталығы мен шығысында +5+15°С болады.
29 сәуір 2019 ж. 517 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области