Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАМАНДАРДЫҢ ШИРАҚТЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

МАМАНДАРДЫҢ ШИРАҚТЫҒЫН ТЕКСЕРДІ


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері кезекті оқу-жаттығуы өткізді. Бұл жолғы жаттығулар Қызылорда қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру мекемесімен бірлесіп, өрт шығу жағдайындағы дайындықты тексеруге арналды. Шараға өрт сөндіру машиналары, жеке құрамнан және еріктілерден жасақталған өрт сөндіруші топтар тартылды.
Төтенше жағдайлар кезінде адамдардың іс-әрекетін жоспарлау және белсендіру үшін жасалған жаттығулар қызметкерлер үшін психологиялық тренинг болуы шарт болатын. Сондықтан да мекеменің сыртқы және ішкі қарауыл күзеті күшейтілді, бекеттерде қосымша бақылаушылар қойылып, белгіленген тәртіппен әрекет жасады. Байланыс құралдарының да қызметі сыналды. Жаттығу барысында барлық телефон, рация байланыстары мінсіз жұмыс жасады.
Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары да қарастырылды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, мұндай оқу-жаттығу шаралары қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Адам өмірі мен материалдық құндылықтардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған кезекті жаттығу жоғары дайындықты көрсетті.

Ж.РАХМЕТОВ,
ЗК-169/1 мекемесінің режим және
күзет бөлімі ВӨҚ инспекторы

28 ақпан 2018 ж. 623 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области