Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зейнетақы қоры қызмет көрсетуге қатысты хабарландыру жасады

Зейнетақы қоры қызмет көрсетуге қатысты хабарландыру жасады

Kyzylorda-news.kz. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке куәлігін ұмытып кеткен адамдарға да қызмет көрсетілетінін хабарлады. Ол үшін құжаттың электронды нұсқасы болса жеткілікті.

«Ондай мүмкіндік тек Қазақстан азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өздері келгенде ғана беріледі. Ол үшін смартфондағы еGovMobile қосымшасында жеке кәуліктің цифрлық нұсқасы көрсету керек», – дейді қор мамандары.

Электронды құжатпен бірнеше қызмет алуға болады. Олар:

жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;

зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

Мысалы, БЖЗҚ кеңсесіне келген салымшы жеке куәлігін үйде ұмытып кетсе, қор маманына eGovMobile мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте бірегей цифрлық кодты хабарлайды. Кейін жеке құжатын электрондық форматта қарауға рұқсат бере алады.

«Ескере кететін жәйт, жеке басты куәландыратын құжат жарамсыз болса, онда eGovMobile мобильді қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы шықпайды», – дейді мамандар.

Ал тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін тағы бірқатар қызметті электронды құжатпен алуға мүмкіндік болады. Олар:
  • зейнетақы төлемдерін тағайындау;
  • зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару;
  • инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау.
27 қазан 2021 ж. 93 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области