Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды

Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстанда шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктірген ассоциация құрылды. Аталған қоғамның ұйымның төрағасы болып ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сырттағы қандастарымыздың ауызбіршілгінің берік болуына «Отандастар» қорының қосып жатқан үлесі зор. Бүгінгі қауымдастықтың құрылуы – соның дәлелі. Бұл бастаманы ертерек қолға алу керек еді, дегенмен игі істің ерте-кеші жоқ. Жаңа шетелдегі бауырларымызды тыңдап, ар жақта болса да отанға деген іңкәрлігін сезіп отырмыз. Алдағы уақытта жаңадан құрылып отырған шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының жұмысының ілгерілеуіне бәріміз бірауыздан атсалыссақ деймін. Мысалы, көрші Ресейде қазақша БАҚ-тар өте белсенді жұмыс істейді. Олар жыл сайын Сочи және басқа да қалаларда бас қосып, өзара тәжірибе алмасып жатады. Түрлі форум, жиындар өткізіп тұрады. Ол жерде қандастарымыз өз мәселелерін ортаға салып, соның шешімін іздейді. Осы бағыттағы жұмысты басқа елдерде де дамыту қажет. Алда бізді біраз шаруа күтіп тұр, бастамамыз сәтімен болсын» , – деді Нұртөре Жүсіп.
27 қазан 2021 ж. 52 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области