Облыс әкімі ерекше күтімді қажет ететін өнерлі балалармен кездесті
Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жастар ресурстық орталығында ерекше күтімді қажет ететін балалармен кездесті. Алдымен аймақ басшысы ерекше жасөспірімдердің қолымен жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік кездесуге өңіріміздің түкпір-түкпірінен әнші, биші, спорттық жарыстарда алдыңғы қатарда жүрген өнерлі балалар қатысты.
Аймақ басшысы түрлі жарыстар мен сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген жастарды құттықтап, Алғыс хат табыстады.
«Бүгін өздеріңізбен кездескеніме шын жүректен қуаныштымын! Сіздер облысымыздың атын республика көлемінде танытып келесіздер. Спорт, өнер, түрлі бағыттағы үлкен байқаулар мен сайыстарда қол жеткізген жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мәртебе!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен көптеген жобалар жүзеге асып, мемлекет тарапынан барлық қажетті Заңдар және нормативті-құқықтық актілер қабылданды.
Жақында ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі Заң қабылдады. Заң шеңберінде түрлі мемлекеттік қолдау шаралары және жәрдемақы көлемі айқындалған.
Сіздердің өмір сүруге деген құштарлықтарыңыз, жаңа жетістікке жетуге дегенен ынталарыңыз біз үшін қымбат. Зор денсаулық, отбастарыңызға бақ – береке тілеймін», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мерекелік кездесуде облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалінің ән жанры бойынша І орын, 2021 жылғы «Жұлдызай» Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің қолөнер жанры бойынша І орын иегері, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының қызмет алушысы Мырзалы Серіков, ҚР спорт шебері, волейболдан отырып ойнаудан республикалық жарыстың жеңімпазы Әділет Ахметов, Шиелі ауданының тумасы, стол теннисінен спорт шебері, Нұрсұлтан қаласында өткен тірек қимылы аппапраты зақымданған спортшылар арасында өткен республикалық спартакиаданың ІІІ орын иегері Ұлан Амангелдиев, отырып ойнау волейболынан ҚР спорт шебері. ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР V Жазғы Паралимпиада ойындары – ІІ орын, ҚР чемпионаты – ІІ орын, ҚР Кубогі – І орын, 2021 жыл ҚР VI Спартакидасы – І орын алған Ерасыл Әбдібек және Арал ауданынан, «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде Аспапта орындау номинациясы бойынша І орын иегері, республикалық «Абай жолы» атты жас көркемсөз оқу шеберлерінің арасындағы сайыста II дәрежелі диплом иегері, халықаралық «ART BAS TAU» байқауында аспапта ойнау номинациясының бас жүлдегері, «Дарын» республикалық «Арайлы алтын күз» жас өнерпаздар байқауынан бас жүлдегері Нұрбақыт Тәниева Алғыс хатпен марапатталды.
Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша өңірде ауқ