«Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Kyzylorda-news.kz. Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні деп белгіленген. Кәсіби мереке биыл тоғызыншы рет аталып өтілуде.
Атаулы күнге орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету саласы қызметкерлері абыроймен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Азаматтарға қамқор бұл құрылымның қызметі қашанда сұранысқа ие. Өйткені, олар мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен әлеуеті төмен, көпбалалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде көмек көрсетуге әзір.
Мемлекеттік корпорацияның басым құрылымдық блогының бірі, ол әлеуметтік сала болып табылады. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мен жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық 1997 жылы құрылған бұл орталық, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі маңызды құрылымдардың бірі.
Мемлекеттік корпорацияның филиалдары Қызылорда облысы бойынша Аралдан Жаңақорғанға дейін жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік салада 85 сауатты маман қызмет атқаруда. Әлеуметтік салада жұмыс жасау қашанда қиын болып табылады, соған қарамастан біздің әріптестеріміздің жартысынан көбінде осы салада 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Сағымбаева Әлия, Елденбай Светлана, Камалова Римма, Мұқашева Бибігүл, Самаева Гүлсара сияқты мамандар осы салада Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық құрылған күннен бастап жұмыс жасауда.
Күн сайын Қызылорда облысы бойынша 15 млрд 874 млн теңге сомасын құрайтын 401 585 төлем бойынша, оның ішінде республикалық бюджеттен 10 млрд 821 млн теңге сомасына 247 531 төлем бойынша және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша 1 176 515 344,0 теңге сомасына 26728 төлем бойынша қажеттілік қалыптасады.
1998 жылы төлем тек 2 жәрдемақы бойынша жүргізілсе, қазіргі таңда зейнетақыдан бөлек 44 жәрдемақы бойынша құжаттар өнделуде.
Бүгінгі күнге 9 айдың есебі бойынша әлеуметтік сала 122 092 Мемлекеттік қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта әлеуметтік сала ынтымақты зейнетақы жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бірыңғай жиынтық төлемді, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін әкімшілендіруді қамтамасыз етеді.
Бүгін Жастар ресурстық орталығында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік сала мамандарын салтанатты құттықтау шарасы өтті. Шара облыстық жастар ресурстық орталығында «Азаматтарға арналған үкімет» аллеясының ашылуымен басталды. Мемкорпорацияның ардагерлері және үздік сала мамандары Жастар аллеясына тал екті.
Салтанатты шараның алғы сөзі арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген Мемкорпорацияның Омбудсмені Айсина Майра Арапқызына берілді.
Майра Арапқызы сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтау сөзінде, саланың тұрғындар арасындағы маңыздылығы туралы:
– Сіздердің салаларыңыз адам өміріне мейірімділік пен адами қасиеттерді әкелуге арналған. Сіздер барлық күш-жігеріңізді беретін жұмысыңызға ең бастысы адал ниетпен қарап, жанның тектілігі, үлкен шыдамдылық пен жанашырлық қажет. Сіздің ниетініз бен қолдауыңыз, адамдарға болашаққа нық қараудың сенімін ұялатады – деп атап өтті.
Филиалдың әлеуметтік сала бойынша 2021жылдың 9 айында барлығы 122 092 қызмет көрсетілген. Нәтижесінде 439 896 қызмет алушыларға 109,23 млрд. теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленді. Бұл ақпарат сіздердің облыс тұрғындарының жартысынан көбіне қызмет көрсетті. Мұндай көрсеткішке қол жеткізген ұжымның басшысы, Айнұр Шорабекқызы сала мамандарын құттықтады.
Кездесу барысында жоғарғы жетістікке жеткен әлеуметтік сала мамандарына облыс әкімінің, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойныша департаменті, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» облыс бойынша филиалы директорының алғыс хаттары табысталды.
Екі әріптесіміз, Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек даңқы» медалімен марапатталады.