Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


Биыл үшінші жыл қатарынан Қазақстанда қазан айының соңғы аптасы «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» деп белгіленіп, мерекеленіп келеді. Аз уақытта бұл кәсіби мереке мән-мағынасының тереңдігімен көпшілік жүрегінен орын алған сүйікті мерекелердің біріне айналып үлгерді.
Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал ұжымы салтанатты шарада осы салада қызмет атқарып жүрген әріптестері мен сала ардагерлерін ұлықтады. Мекеменің үздік қызметкерлері Басқарма басшысы мен облыстық филиал директорының алғыс хаттарымен мараппаталды.
«Әлеуметтік қызметкерлер – бұл күнделікті қызметінде аз қамтылған азаматтардың, зейнеткерлер мен мүгедектердіңмәселелерімен бетпе бет келіп, өз мүмкіндігіне қарай шешуге көмектесетін жандар. Мейірімді мамандық иелерінің қоғам алдындағы еңбегі ерен. Өйткені, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуы – елдегі тұрақтылық пен азаматттардың амандық-саулығының кепілі. Сондықтан, бүгінгі мерекеде қызметінде жан жылуыменкәсіби шеберлігін қатар алып жүрген біздің әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз»,- деп филиал директоры Айдын Қайруллаев ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету, жер кадастры, жылжымайтын мүлік және әлеуметтік жәрдемақы төлеу салаларының басын біріктіріп, бүгінде мемлекеттік қызметтердің толық циклін көрсету әдісімен жұмыс жасауда. Соның ішінде әлеуметтік төлем және зейнетақы, бала туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар секілді 40-тан аса мемлекеттік қызмет түрлері мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.
Жалпы филиалда әлеуметтік бағытта 160-қа жуық адам қызмет атқарып келеді. Жыл басынан бері әлеуметтік сала бойынша 86 834 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 64,5 млрд-тан аса қаржы төленді.




29 қазан 2018 ж. 610 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области