Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚУ КУРСЫНАН ӨТТІ

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚУ КУРСЫНАН ӨТТІ


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының 30-дан аса қызметкерлері үш айлық деңгейлік оқыту курсын тәмамдап, қазақ тілі бойынша білімдерін шыңдағандығы туралы сертификат алды.
Халықпен етене жұмыс істеу - мемлекеттік қызметкерге жүктелер басты міндет және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Білімді маман – кез келген мекеменің жұмыс тиімділігін арттыруға әсері зор. Сондықтан мемлекеттік корпорация тарапынан қызметкерлердің әрдайым өз білімдерін жетілдіріп отыруына барлық жағдай жасалып отыр.
«Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Филиал қызметкерлеріне тегін негізде оқыту курстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде үш тұғырлы тіл саясаты – мемлекетті жарқын болашаққа жолы. Осы орайда, басшылық тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта біздің қызметкерлердің қазақ тілін терең меңгерумен қатар, ағылшын және орыс тілдерін де тегін оқуға мүмкіндігі бар.
Тәлімгер ретінде облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандарын шақырдық. Оқыту сабақтары қызметкерлерге тиімді уақытта, филиалдың оқыту кабинетінде өтіп жатыр. Бүгін 30-дан аса қызметкерлеріміз 100 сағаттық оқу курсын аяқтады. Қалған мамандар оқуын жалғастыруда», - дейді мемлекеттік корпорацияның HR және СМЖ дамыту басқармасының басшысы Жанар Ахетова.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі


18 маусым 2018 ж. 623 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области