Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰРЫЛЫМНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ –ЦИФРЛАНДЫРУ

ҚҰРЫЛЫМНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ –ЦИФРЛАНДЫРУ


          Баспасөз мәслихатында филиал директоры Айдын Қайруллаев жыл басынан қосылған жаңа қызметтер мен пилоттық жобалар, азаматтарды биометрикалық мәліметтеріне қарап анықтау, жеке мәліметтерді қорғау, әлеуметтік төлемдер саласындағы жаңа реформалар, сонымен қатар «Цифрлық сауаттылық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан іс шаралар барысы туралы айтып берді.
         Қазіргі таңда 746 мемлекеттік қызметтің 621 түрі, яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне өткізілген. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
         Осы жылдың 4 айы ішінде мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы 446 890 мемлекеттік қызмет көрсетіп отыр. Оның 58,2 пайызы – электронды түрде.
         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қайта ұйымдастыруды сәтті аяқтады. Мемлекеттік корпорацияның миссиясы – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері арқылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру. Қайта ұйымдастырудың күрделілігіне қарамастан, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ешқандай іркілусіз жұмыс жасауына, қызмет сапасын арттыруға нақты іс-шаралар атқарылуда.
         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» ары қарай дамудың басты трендтері – бұл цифрландыру, бизнес үдерістерді оңтайландыру және трансформация», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директор Айдын Қайруллаев.
         Филиал директорының айтуынша, қазіргі күні Қызылорда облысы бойынша 71 470 зейнет жасындағы азамат бар. Бүгінгі таңда қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде, енді осы азаматтарға 1 шілдеден бастап көбейтілген базалық зейнетақы төленеді. Мысалы, еңбек өтілі 10 жылға дейін болса 15 274 теңге, 20 жыл болса – 20 931 теңге қосылады. Яғни зейнетақысына 5657 теңге, ал жұмыс өтілі 33 жыл болса – 28 284 теңге, қазіргі алып жүрген зейнетақысына 13 010 теңге қосылады.
         Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап 18 жастан асқан бала кезден 1 топ мүгедектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарына немесе қамқоршыларына 29 699 тенге жәрдемақы төленетін болады.
         «Жәрдемақы облыс бойынша 574 алушыға төленетін болады. Айта кету керек, бұған дейін бұл жәрдемақыны тек 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-ана алып келген болатын. Мемлекет тарапынан әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жан-жақты жағдай жасалуда. Бұл жаңашылдық та халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған игі шара екені сөзссіз», - деді филиал директоры.
         Сонымен қатар, енді автокөлігін тіркеуге келген азамат мамандандарылыған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды. Аталған қызметтің бағасы небәрі 6734 теңгені құрайды.
         Ал, «вип» нөмерлерге мұндай жеңілдік жоқ. Жыл басынан бері жалпы құны 5 897 060 теңгеге 34 ВИП нөмір сатылған.
         «Аймақта халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту шаралары жалғасуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленді.
         Биыл маусым-тамыз аралығында біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар», «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып облыс бойынша жалпы 50 мың адамды қысқамерзімді курстармен қамту жоспарланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы 20 мың қызылордалықтың цифрлық сауаттылығын арттыру көзделген.
         Қазіргі таңда мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал мамандарының қатысуымен қысқамерзімді курстар адам көп шоғырланатын орындарда өтіп жатыр. Осы күнге дейін 11 мың қызылордалық цифрлық білімін жетілдіріп, тиісті мағлұматтар алды», - деп хабарлады филиал басшысы.
         Айта кетейік, бүгінде 87 қызметті оңтайландыру және түрлі мемлекеттік органдардағы 531 қызметті жеңілдету шешімі қабылданды. 200-ден аса қызмет электронды түрде электронды үкімет порталында көрсетілсе, 33 қызмет 14 композиттік қызметке бірігіп, ал 12-сі проактивті форматқа көшетін болады.
31 мамыр 2018 ж. 864 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области