Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш тәуліктің ауа райы болжамын жариялады.
2-3 қарашада атмосфералық ағындардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады — жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын.
3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда нөсер жауын жауады. Үшінші күні солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты жауын-шашын бірте-бірте азайып, ауа температурасы едәуір төмендейді. Солтүстік-батыста түнде температура 5…15 аяз, солтүстікте, орталықта, шығыста 10…20 аяз, оңтүстікте 3…13 аяз, оңтүстік-шығыста 7-16-ға дейін аяз болады. Тек Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашын болады.