Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Карантин талаптары жеңілдеді

Карантин талаптары жеңілдеді

Kyzylorda-news.kz. Алматыда «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап «қызыл» аймақтың карантин шектеулері алынып тасталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматы қаласының «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткеніне жеті күн болды. Осыған орай, карантин шектеулері жеңілдейді. Барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 20 қазандағы қаулысына сәйкес, Алматы кәсіпкерлері келесі ережелер бойынша жұмыс істей алады:
  • Мейрамханалар, кафелер мен кофеханалар 50 пайызға дейін толтырылған кезде 60 орыннан аспауы керек, қоғамдық тамақтану орындары – 20 пайызға дейін толтырыла алады, бірақ 30 орыннан аспауы керек, еске алу шараларына арналған банкет залдары – 30 пайызға толтырыла алады, бірақ 50 адамнан аспауы керек;
  • Салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралардың (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізілуі мен түнгі клубтардың жұмысына рұқсат беріледі. Бірақ толтырылымы 50 пайызға дейін, 70 орыннан аспайтын болуы шарт.
  • Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялардың – толымдылығы 30-дан 40 пайызға дейін артты.
  • Бильярд, компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары, боулингтер, караоке, лотерея клубтары, ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), букмекерлік кеңселер – толымдылығы 50 пайызға дейін, сондай-ақ саны 50 адамға дейін ұлғайтылады.
  • Ауданы 1000 шаршы метрден асатын балалар ойын-сауық орталықтары – 100 адамға дейін қабылдай алады;
  • Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар-толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын, яғни «қызыл» аймаққа қарағанда 20 орынға артық;
  • көрмелер-толтырылу деңгейі 200-ден 300 адамға дейін өседі;
  • марафондар – (ашық ауада) – қатысушылар саны 500-ден 800 адамға дейін арттыруға болады;
  • көрермендермен спорттық іс-шаралар – толымдылығы 70 пайыздан аспаған кезде;
  • діни объектілер (ұжымдық Құдайға құлшылық етуді жабық үй-жайларда өткізу) – толтырылуы 20-дан 30 пайызға дейін ұлғайтылды.
Келесі нысандар шектеусіз жұмыс істейді:
  • алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілері (үй-жайда);
  • сауна, монша;
  • СПА орталықтары;
  • бассейндер;
  • спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтар;
  • облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  • қонақ үйлер, қонақ үйлер;
  • әуежайлар;
  • теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • ХҚКО;
  • сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері;
  • базарлар (жабық);
  • балаларды сауықтыру ұйымдары;
  • Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету салондары (жазба бойынша);
  • білім беру объектілері, ЖОО, колледждер, білім беру орталықтары.
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына: жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.

«Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзне және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», – делінген құжатта.

Еске салайық, Алматы 25 қазанда «сары» аймаққа өткен болатын.
01 қараша 2021 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области