Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жоспарлануда

Биыл теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жоспарлануда

Kyzylorda-news.kz.  Шөлді аймақта орналасқан Қызылорда облысы жері аумағының 90%-ын сексеуілді орманды алқаптар құрайды. Бір түп сексеуіл төрт тонна құмды тоқтата алады.

Арал теңізінің құрғаған ұлтанының жалпы көлемі 4,5 млн. га құрайды, оның ішінде 2,2 млн. га Қазақстан аумағында орналасқан. Осы аумақтағы мемлекеттік орман қоры 768,7 мың га құрайды.

Теңізінің тартылуынан жыл сайын ауаға 75 млн. тонна тұз бен топырақ ұшып экологиялық апат тудыруда. Осыған сәйкес бүгінгі күні құм мен топырақты тоқтатудың бірден бір жолы теңіздің құрғаған ұлтанында галофиттік өсімдіктерді, оның ішінде сексеуіл мен сарысазан өсіру екенін көрсетті.

Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде шаралар кешенін қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың күз айында теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жұмыстары жоспарлануда.

Осыған байланысты, басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелері сексеуіл тұқымдарын жинау жұмыстарын жүргізуде.
02 қараша 2021 ж. 106 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области