Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН CALL-ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛАДЫ

ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН CALL-ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛАДЫ


    Бұл туралы ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру барысы және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған шаралар туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте "Kazakh Invest" ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев айтты деп хабарлады primeminister.kz.
    Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, биыл мамыр айында Қазақстанда шетелдік инвесторлармен жұмысты жетілдіруге, олармен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған CRM ақпараттық-мониторингтік жүйесі іске қосылады. Инвесторлардың барлық бастамалары онлайн режимінде зерттеледі.
    "Бүгін Үкімет отырысында елімізге инвестициялар тарту мәселесін қарастыру барысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өңірлік атқарушы органдардың инвесторлармен жұмысты ұйымдастыруындағы төмен деңгейін сынға алды. Енгізіліп жатқан ақпараттық-мониторингтік жүйе инвесторларға қатысты туындаған мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге мүмкіндік береді", - деді Сапарбек Тұяқбаев.
    Ұлттық компания басшысы атап өткендей, 2018 жылдың бірінші жартысында барлық жерде тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықтар ашылады. Бұл, спикердің пікірінше, инвесторлардың өңірлердегі тұрмыстық мәселелеріне дейін шешуге мүмкіндік береді.
    Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Сапарбек Тұяқбаев Қазақстанның соңғы жылдары елеулі түрде артып келе жатқан инвестициялық тартымдылығын атап  өтті. Мәселен, бұған дейін бірнеше жыл бұрын Қазақстан трансұлттық компанияларға инвестициялар салу тұрғысынан қызығушылық тудырмаса, ал бүгінде еліміздің макроөңіріндегі жағдай айтарлықтай өзгерді. Бұл Мемлекет басшысының елдегі және одан тыс жерлердегі инфрақұрылымды құру жөніндегі сындарлы саясатының арқасында мүмкін болды.
    Қазіргі таңда еліміз жолдардың құрылысы, трансұлттық көлік дәліздері, инфрақұрылымды жетілдіру, логистика және басқа да көптеген жағдайлар есебінен транзиттік алпауытқа айналуда. Қазақстан арқылы ЕО мен Қытайдың ең ірі нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігі ашылады. Бүгінгі таңда ЭЫДҰ стандарттарына жақындастырылған ішкі инвестициялық ахуал қайта орнықтырылуда.
    "Өз кезегінде, Kazakh Іnvest елімізге инвесторларды, ірі ТҰК-ны тарту мақсатында құрылған. Осылайша отандық кәсіпкерлік те жетілдіріледі", - деп түйіндеді  Тұяқбаев.

01 наурыз 2018 ж. 510 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области