Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІРҚАТАР ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ ИНВЕСТЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА КІРІСЕДІ

БІРҚАТАР ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ ИНВЕСТЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА КІРІСЕДІ


«Kazakh Invest» ҰК Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев жұмыс сапарымен Түрік Республикасына барып, алты ірі компания басшыларымен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz
«Kazakh Invest» түрік бизнесмендеріне Қазақстан үшін басымдықты экономика салаларында 47 ірі инвестжобаны ұсынды.
Аталған холдингтер ірі трансұлттық компаниялар болып табылады, олардың жалпы жылдық айналымы шамамен $150 млрд. құрайды. Түрік бизнесмендері өзінің өндірістік қуаттылықтарын және ЕАЭО мен ҚХР елдеріне өткізу нарықтарын кеңейту үшін еліміздің стратегиялық орнын атап өтіп, Қазақстан аумағында инвестжобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.Мысалға, KOÇ Holding-пен Қызылорда облысында томат және консервіленген өнімдер өндірісі туралы келісімге қол жеткізілді. Компания сондай-ақ сұйылтылған газ өндіру бойынша жобаға қатысуға қызығушылық танытты.
YILDIRIM Holding «Қазгеология» АҚ-мен бірге $10 млн-ға қатты пайдалы қазбалар барлау бойынша, сондай-ақ Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіру бойынша жобаларды іске асыруға кіріседі, жалпы инвестициялар сомасы $220 млн. құрайды.
Yildizlar SSS Holding келісім бойынша бірінші жартыжылдықта үш жобаны іске асыруды бастайды: «Байқоңыр» ӘКК-мен бірге $50 млн-ға қуаттылығы 138 МВт газ поршеньді электр станциясының құрылысы, Қызылорда облысында $128 млн-ға қуаттылығы 10 млн. м2 керамикалық плиталар өндірісі, сондай-ақ инвестиция сомасы $10 млн-ға Шығыс Қазақстан облысында қатты пайдалы қызбаларды барлау бойынша жоба.
KIBAR Holding Маңғыстау облысында сэндвич-панельдер өндіру бойынша жобаға қатысуға шешім қабылдады. Dal Holding басшылығы Жамбыл облысында барит кені мен концентраттарын өндіру және қайта өңдеу бойынша жобаға қатысуға бел буды.
Сондай-ақ, осы күндері Анкарада Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Түркия өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлерінің тәуелсіз қауымдастығы (MUSIAD) мүшелерімен инвестициялық форум өтті. Аталған ұйым Түркия ішінде және шетелде тармақталған іскерлік желіге ие, мүшелерінің жалпы саны 11 мыңнан асады. Форумда Kazakh Invest тарапынан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, шетел инвесторлары үшін артықшылықтар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.
MUSIAD басшысы Илхан Ердал түрік бизнесі Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыстар орнатуға мүдделі екендігін баса айтты. Наурызда Қазақстанға нарықты зерттеу мен іскерлік серіктестермен кездесуге Түркияның тамақ саласындағы 15 ірі компаниясының өкілдері жіберілетіні туралы келісім жасалды.

27 ақпан 2018 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области