Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮРІКТЕР ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАУЫТ САЛУҒА СЕРІКТЕС ІЗДЕУДЕ

ТҮРІКТЕР ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАУЫТ САЛУҒА СЕРІКТЕС ІЗДЕУДЕ


    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында түріктің «Чукурова Холдинг» компаниясының бас директоры Доанлы Иса, жоспарлау және сату жөніндегі директор Токатлы Камиль Мехмед, Куру Бора облыс кәсіпкерлерімен кездесті.
    Компания түрлі саладағы тауарлардың қаптамасын шығарумен айналысатын Түркиядағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Бүгінде аталған түрік компаниясы балғын жемістер мен көкөністерге, қатты және сұйық майларға, ет, балық, жұмыртқа, сусындар мен химиялық тауарлардың қаптамаларын әзірлеумен айналысады.
    1976 жылдан бері түрік нарығындағы белді компаниялардың өнімдеріне қамтама жасап жүрген «Чукурова Холдинг» кәсіпорны енді Қазақстанда гофрокартоннан қаптама жасайтын кәсіпорынды ашу жобасын жүзеге асырмақшы. Ол үшін қолайлы аумақ ретінде оңтүстік өңірлерді таңдап отыр екен.
    «15-20 адам тұрақты жұмыс істейтін зауыт салмақшымыз. Алдымен жергілікті кәсіпорындардың кардон қаптамаларына деген қажеттілігін анықтаймыз. Экономикалық тұрғыда тиімді болатынына сенімдіміз. Өйткені, бау-бақша, жеміс-жидек, сүт өнімдері мұнда көп әзірленеді екен. Ал қаптамалар шығаратын бірде-бір зауыт жоқ. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер шикізатқа қамысты пайдалануға болатындығын айтты. Бұны мамандармен ақылдасып, шешім қабылдайтын боламыз», - дейді «Чукурова Холдинг» компаниясының бас директоры Доанлы Иса.
    Кәсіпкерлер палатасы алаңындағы кездесуде қызылордалық кәсіпкерлер жобаға қызығушылығын танытып, қажетті дайын базаны беруге әзір екендіктерін де жеткізді.
    Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Төреғали Шанкерей жобаны Қызылорда облысында жүзеге асырудың артықшылықтарына тоқталып өтті: «Зауытты Қызылордада салуда ұтатын жерлеріңіз көп. Біріншіден, Қызылорда облысы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан. Зауыт өнімдерін Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, ар жағында Қарағанды, Тараз, бер жағында Ақтөбе облысына да кеңінен тасу, тұтынушыларды табу мүмкіндіктері зор».  
    Қызылорда облысы кәсіпкерлер
     палатасының баспасөз қызметі


23 ақпан 2018 ж. 578 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области