Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда есепте тұрған жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жаңақорғанда есепте тұрған жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Kyzylorda-news.kz.  Қылмыс жасап істі болған жастар қоғамнан шет қалмайды. Бүгінде оларды жұмыспен қамту қарқынды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық аграрлық колледжінің студенттері мен пробация есебіндегі жастарды кәсіпке тарту мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы Изатулла Үсеновтің жеке кәсібімен танысып, кәсіп ашудың қыр-сырын сұрап, білді.

Аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша пробация есебінде 14-29 жас аралығындағы 30-ға жуық жас бар.

«Олардың ішінде төрт азамат «Бастау бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып, бизнес жоспар құрып, 583 мың теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке кәсіп ашқан. Бұл іс-шараның мақсаты пробация есебіндегі жастарды жұмыспен қамту. Олардың өмірден өз орнын табуға көмек көрсету. Жуырда тағы бір есептегі азамат қайтарымсыз грант алуға құжаттарын рәсімдеуде»,- дейді әділет майоры А.Искаков.

03 қараша 2021 ж. 96 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области