«ХҚО» мобильдік қосымшасын енгізді
Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «ХҚО» мобильдік қосымшасын енгізді. Ол қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді смартфондағы бейнеқоңырау функциясы арқылы алуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қызылорда облысының операторлары «ХҚО» қосымшасы арқылы пилоттық тәртіпте клиенттердің қоңырауларын қабылдауды бастады.
Жалпы, «ХҚО» мобильдік қосымшасы арқылы пилоттық режимде 24 мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік болады. Олардың арасында сотталмағандығы туралы анықтама алу, зейнетақы қорынан үзінді көшірме алу, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, бала тууды тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы анықтама алу және тұрғылықты тіркеуден шығару сияқты және т.б. қызмет түрлері бар.
Бейнеқоңырау функциясы бойынша қандай да бір мемлекеттік қызметтерді алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту қажет.
«ХҚО» мобильдік қосымшасын Play Market-тен жүктеп алуға болады және жақын арада App Store-да пайда болады.