Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 35 жастағы тұрғынның көлігінен есірткі мен қару-жарақ тәркіленді

Қызылордада 35 жастағы тұрғынның көлігінен есірткі мен қару-жарақ тәркіленді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында полицейлер тұрғынның көлігінен есірткі мен қару-жарақ тәркіледі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны 35 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Mitsubishi Space Wagon» автокөлігін тоқтатты. Полицейлер профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде автокөліктің артқы орындығында қару бар екендігін байқаған. Тексеру барысында табылған зат еш жерде тіркелмеген қару болып шықты.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәртіп сақшылары көлік ішінен газет қиындысына оралған есірткі затын, заңсыз қару және 17 патрон тәркіледі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен және 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.
04 қараша 2021 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области