Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қайратбек Сәрсенбаев: Қызылордада мал басы тұрақты өсіп келеді

Қайратбек Сәрсенбаев: Қызылордада мал басы тұрақты өсіп келеді

Kyzylorda-news.kz. Биыл облыс бойынша 188,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріштің көлемі – 83,6 мың гектар. Аудандарда егілген 6,8 мың гектар күздік бидайдан 9,4 мың тоннаның өнімі жиналды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайратбек Сәрсенбаев егін жинау науқанының қорытындысы мен қысқы мал азығын даярлау жөніндегі жұмыстарды тізбектеді.

«Биылғы орын алған су тапшылығына байланысты күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға азайтылды. Ал көкеніс және бақша дақылдарының көлемі 9,8 мың гектарға дейін артып, егіс көлемі 3,9 мың гектарға көбейді. Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында 62,6 мың тонна минералдық тыңайтқыштар, 72,2 мың литр гербицидтер сатып алынды. Сонымен бірге, жаздық бидайдан 4,4 мың тонна өнім жиналды. Жалпы күзгі егін жинау науқаны оңтайлы мерзімде жүргізіліп, толық аяқталды», – деді Қайратбек Сәрсенбаев.

Аймақта мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп келеді. Сондай-ақ, төрт-түліктен өндірілген өнім көлемі де артуда. Жыл көлемінде облыс бойынша қысқа түсетін 534,7 мың шартты мал басына 769,9 мың тонна ірі азық дайындау жоспарланған болатын. Қазіргі таңда қажетті мал азығы 109,8 пайызды құрады.

«Мал басында өткен жылмен салыстырғанда біршама өсу байқалды. Атап айтсақ, мүйізді ірі қара – 8,2 пайызға, қой мен ешкі – 6,5 пайызға, жылқы – 14,2 пайызға, түйе – 8,1 пайызға көбейді. Тиісінше, ет өндірісі 2,4 пайыз, сүт өнімі 2,3, жұмыртқа 3,1 пайызға артты. Биыл Арал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты қысқа түсетін төрт-түлікті мал азығымен қамтамасыз ету үшін аудандық штабтар құрылды. Облыс бойынша қуаңшылық зардабын жоюдың және қысқа түсетін ауыл шаруашлығы жануарларын жем-шөп қорымен қамтамасыз етудің арнайы жоспары бекітілді. Қысқа түсетін малдарға 213,6 мың тонна азық қажет болса соның 80,9 пайызы қамтылды. Жауапты министрлікке мал азығын дайындауға қосымша 3,8 мың тонна дизель отынына тапсырыс беріліп, аудандар бойынша шаруашылықтар бөлінісіндегі кестесі дайындалды. Бүгінде өңірге 3 443,5 тоннасы алынып, шаруашылықтарға 2 298 тоннасы жөнелтілді», – деді Қайратбек Әубәкірұлы.
05 қараша 2021 ж. 166 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области