Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада арендалық баспана арзан

Қызылордада арендалық баспана арзан

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйдегі  пәтерді жалға алу құны бір жылда 19%-ке өсті.

Қазан айында тұрғын үйді жалдау құны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда рекордтық 18,5%-ке көтерілген. Бір жыл бұрын баға 9,8%-ке өскен еді, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Өңірлер арасында жылдық баға өсімі Алматы облысында 4,2%-тен Батыс Қазақстан облысында 37,4%-ке дейін құбылды. БҚО-дан бөлек, Алматы мен Шымкент қалаларында да арендалық баспана айтарлықтай қымбаттады – тиісінше 35% және 33,8%.

Қыркүйекте көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің арендасы тамызға қарағанда 2,1%-ке өсті. Осылайша орташа есеппен Қазақстан бойынша бір шаршы метрі 1877 теңгені құрады.

Қыркүйек айында пәтер жалдау Нұр-Сұлтан (бір шаршы метрі 3443 теңге) мен Алматыда (ш.м 3062 теңге) қымбат болды. Одан кейін Ақтау (ш.м. 2359 теңге) мен Түркістан (ш.м. 2307 теңге) қалалары тұр.

Арендалық баспана Таразда (ш.м. 1370 теңге), Қызылордада (ш.м. 1398 теңге) және Семейде (ш.м. 1452 теңге) арзан.
05 қараша 2021 ж. 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области