Қазақстанда халық санағына қатыспағандарға айыппұл салына ма?
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда халық санағы аяқталуға жақын. Жеке деректерін беруден бас тартқаны үшін азаматтарға жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халық санағы 1 қыркүйекте басталды. Оған қазақстандықтар онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысты.
1 қарашада бақылау мақсатында аралау басталды, ол 8 қарашаға дейін жалғасады.
«Заңнамада алғашқы статистикалық деректерді, оның ішінде халық санағы кезінде ұсынбағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда бұл норма Қазақстанның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 497-бабында жазылған. Бұл статистика органдары тарапынан қандай да бір қысым көрсетілетінін білдірмейді. Себебі, респонденттерді жауапқа тарту емес, жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы барлық азаматтарды сауалнамамен қамту мақсаты қойылып отыр. Сонымен бірге сұхбат алушылардың алдында респондентке халық санағының маңыздылығы туралы түсіндіру міндеті тұрды», – деп делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстандағы халық санағы осымен үшінші рет өтіп жатыр.
«Бұрынғы халық санақтарының нәтижелері бойынша ешбір респондент қандай да бір жауапкершілікке тартылған жоқ», – деп нақтылады Ұлттық статистика бюросы.