Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балалардағы тұмау несімен қауіпті және одан қалай қорғауға болады?

Балалардағы тұмау несімен қауіпті және одан қалай қорғауға болады?

Kyzylorda-news.kz. Суық ауа райының басталуымен тұмау ең көп таралған аурулардың біріне айналады. Оның үстіне балаларда ол ересектерге қарағанда қауіпті өтуі мүмкін, себебі асқынулардың туындау қаупі жоғары.

Педиатр, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиеваның айтуынша, балалардағы тұмау ­– ең көп таралған маусымдық аурулардың бірі.

«Тұмау – бұл вирустық ауру, тұмау вирусы жыл сайын дерлік өзгеріп отырады және оған тұрақты иммунитетті дамыту мүмкін емес. Көбінесе тұмау адамнан адамға ауа тамшыларымен беріледі – сіздің балаңыздың жанында біреудің түшкіруі жеткілікті. Бірақ бұл вирус тұрмыстық жолмен де берілуі мүмкін», – деді дәрігер.

Оның айтуынша, тұмау жұқтырған сәттен бастап симптомдар пайда болғанға дейін екі сағаттан 5-6 күнге дейін созылуы мүмкін.

Тұмаудың басқа вирустық инфекциялардан басты айырмашылығы-мұрынның ағуы мен әлсіз жөтел сияқты белгілер.

«Тұмаудың басталуы әрдайым ауыр жүреді, температура 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Интоксикация белгілері айқын көрінеді: тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, әлсіздік, қозғалғысы келмеуі, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, жүрек айну және құсу, диарея (әсіресе жас балаларда)», – деп түсіндірді педиатр.

Емдеу кезінде дұрыс режимді қамтамасыз ету маңызды. Бала жақсы желдетілетін бөлмеде және жылы төсекте болуы керек. Бұл жағдайда күшпен тамақтандыруға болмайды, тамақ жеңіл және ақуызға бай болуы керек. Сұйық көп ішу керек, оның ішінде жылы шөп шайлары, жеміс сусындары, компоттар, су рұқсат етіледі.

Температура көтерілген жағдайда ыстықты түсіретін препараттар беру қажет, баланы бөлме температурасында сумен сүртуге болады. Мұрыннан су ақса мұрынға арналған препараттарды қолданған дұрыс.

«Тұмау асқынса өте қауіпті, оның ішінде: пневмония, энцефалит, бұлшықет аурулары, отит, ринит, синусит, бронхит. Вируспен байланысты мүлдем болдырмау мүмкін емес. Сондықтан алдын алу шаралары баланы оқшаулауға емес, аурудың ықтималдығын азайтуға және баланың иммундық жүйесін нығайтуға бағытталуы керек. Тұмауға қарсы вакцинация жыл сайын күзде, эпидемия маусымы басталғанға дейін жасалады, өйткені толық иммунитетті дамыту үшін кем дегенде 2-3 апта өту керек. Созылмалы аурулардың өршуі кезінде, немесе ауырып жүрген кезде вакцинация жасауға болмайды», – деп қосты дәрігер.

06 қараша 2021 ж. 76 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области